«Келешек» жүйесі: Мәжіліс тиісті заң жобасын мақұлдады

Динара Амантай

Ата-аналарға баласының оқуына ақша жинау жеңілдейді

Коллаж: Halyq Uni

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив істері салаларындағы нормалардың шамадан тыс заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Заң жобасында президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауын іске асыру аясында әзірленген «Келешек» біріңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін құқықтық реттеуді көздейтін нормалар қарастырылған.

«Келешектің» негізгі моделі мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қолданыстағы тұғырнамасы аясында іске асырылады. Әрбір ата-ананың кез келген банкте немесе өмірді сақтандыру компаниясында кез келген жастағы баласының атына шот ашуға құқығы бар. 5 жасқа толған балалардың шотына мемлекет бюджеттен 60 АЕК (биыл 1 АЕК – 3692 теңге) , жетім балаларға 120 АЕК  мөлшерінде біржолғы бастапқы білім беру капиталын береді.

Сондай-ақ, ата-аналар үшін баланың шотына жыл сайынғы ең төменгі жарна талаптары бар. Ол әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары үшін – 12 АЕК және қалғандарына – 24 АЕК. Жинақ барлық бала үшін 5 пайыз, әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары үшін 7 пайыз. Сондай-ақ банктің немесе сақтандыру компаниясының белгіленген табыс көлемі үшін жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы алады.

Ең төменгі жылдық жарнаға қойылатын талаптар бұзылған жағдайда бастапқы білім беру капиталы бюджетке қайтарылуға тиіс.

Жиналған қаражатты Қазақстандағы немесе шетелдегі колледждер мен университеттерде оқуға жұмсауға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда 600 мыңнан аса бала аталмыш бағдарламаға қатыса алатынын хабарлаған болатынбыз,