Halyq Uni логотип
×

Дәрі-дәрмек сатып алуға 500 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

Медициналық ұйымдар базасында дәріханалар ұйымдастырылды

 Динара Амантай 12.11.2024 | 14:41
Дәрі-дәрмек сатып алуға 500 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 474 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрдің айтуынша, биыл амбулаториялық және стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 474 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттен 26,7 млрд теңге қаражат жұмсалды.

Амбулаториялық деңгейде 251 млрд теңгеге 3,5 млн пациент 120 нозология бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Ауыл тұрғындарының дәрілік заттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдар базасында 172 дәріхана және 694 жеке дәріхана, сондай-ақ 15 жылжымалы дәріхана пункттері ұйымдастырылды.

Пациенттердің стационарлық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға сәйкес орталықтандырылған және дербес сатып алу арқылы іске асырылады. Биыл Бірыңғай дистрибьютордың 2025 жылға арналған сатып алу науқаны бір ай бұрын басталды, бұл «СҚ-Фармация» ЖШС қоймаларына дәрілік заттарды 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама