Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі белгілі болды

Қымбат Елтайқызы

Ресми статистика жарияланды

фото: Halyq Uni

Ұлттық статистика бюросы еңбек нарығындағы жағдай туралы деректер ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бюро мәліметінше, 2024 жылғы III тоқсанда республика экономикасының әртүрлі саласында 9 233,8 мың адам жұмыспен қамтылды. Олардың 7 020,1 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76%) жалдамалы қызметкер болса, 2 213,7 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 24%) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 65,2% құрады.

Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген әрі жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады. 15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1% құрады, – деп қосты ведомство.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2024 жылғы қазанның соңында 298,9 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің 3,1%-ын құрады.