Депутаттар «9-20-25» бағдарламасының бастапқы жарнасын төмендетуді ұсынған
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «9-20-25» бағдарламасының бастапқы жарнасын 20% пайыздан 10% пайызға азайту туралы депутаттардың ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мәжіліс депутаттары Склярға депутаттық сауал жолдап, 278 296 теңге не одан да төмен айлыққа күн көріп отырғандардың «Отау» мен «Наурыз» бағдарламаларына қатыса алмайтынын жеткізді. Сондай-ақ 20% пайыз алғашқы жарна жинауға келгенде қиналатынын айтты. Депутаттардың сөзінше, ірі қалалардан пәтер алу үшін азаматтың қолында 7 млн теңге бастапқы жарна болуға тиіс.
Депутаттарға берген жауабында Роман Скляр бастапқы жарнаны төмендеткен жағдайда несие алушының ай сайын төлейтін сомасы көп болатынын айтқан.
Банктердің мақсаты – несие алушының төлем қабілетін сапалы және теңгерімді бағалау, бұл оған болашақта ипотекалық несие төлеу арқылы жайлы өмір сүруге мүмкіндік береді. Бұл ретте, бастапқы жарна мөлшерінің төмендеуі несие алушыға ай сайынғы қаржылық жүктемені ұлғайтады, сондықтан ол тиімсіз болып саналады, - делінген Скляр жауабында.
Айтуынша, табысы төмен азаматтарға бастапқы жарнаны төлеу бөлігінде қаржылық қолдау көрсету үшін әкімдіктер әлеуметтік көмек түріндегі тұрғын үй сертификаттарын бөледі. 2019 жылдан бастап қазірге дейін әкімдіктер 1,6 млрд теңгеден астам сомаға сертификат бөлген.