Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық кәсіпорындар қызметкерлеріне 3,9 млрд теңге жалақы төлемеген

Еңбек инспекторлары 31 мыңнан аса жұмысшының құқығын қорғады

 Динара Амантай 11.11.2024 | 11:01
Қазақстандық кәсіпорындар қызметкерлеріне 3,9 млрд теңге жалақы төлемеген
Фото: Halyq Uni

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 264 кәсіпорны 17,8 мың жұмыскерге 3,9 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығын бұзудың 7,1 мыңнан аса дерегі анықталды.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 235 ұйғарым берілді және 46,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 16,5 мыңнан астам қызметкердің құқығы қорғалды. Оларға 3,1 млрд теңге төленді, – делінген министрлік хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, 2024 жылғы 1 қарашадағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 552 тексеру жүргізген. Оның барысында 7 149 заңбұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 5 310; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 769; халықты жұмыспен қамту бойынша – 67.

Жұмыс берушілерге 2 723 ұйғарым беріліп, 338,9 млн теңгеге 3 207 әкімшілік айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 31 мыңнан аса жұмысшының еңбек құқығы қорғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама