Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда 281 мың адам табысы туралы декларация тапсырмаған

 Халық үні 08.11.2024 | 21:42
Қазақстанда 281 мың адам табысы туралы декларация тапсырмаған
фото: Halyq Uni

Қазақстанда 281 мың адам жалпыға бірдей декларация тапсырмаған, деп хабарлайды Halyq Uni 31 арнаға сілтеме жасап.

Қосымша 1,5 ай уақыт берілсе де кәсіпкерлер, серіктестік басшылары, заңды тұлғалар мен олардың жұбайлары елдегі және шетелдегі дүние-мүлкін көрсетпеген. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері ескертуді елемей, тәртіпке бағынбаған азаматтарға жаппай айыппұл салынатынын мәлімдеді. Айыппұл құны – 55 мың теңге. Бұдан бөлек, олардың банктегі есепшоттары да бұғатталмақ.

Жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңінің соңғы күні 16 қыркүйек болған. Алайда бір ай қосымша уақыт берілгеніне қарамастан, 281 мың азамат талапты орындамаған. Оның 20 мыңға жуығы Жамбыл облысында тұрады.

19 мыңнан аса салық төлеушіге бүгінде хабарламалар шығарылды. Аталған хабарламалар салық төлеушімен 30 күнде орындалуы қажет. Орындалмаған жағдайда мемлекеттік кірістер тарапынан аталған салық төлеушілерге банктік есепшоттарына бұғат қойылатын болады, – делінген хабарламада.

Ал декларация тапсырғандардың 17 триллион теңгеден аса ақшасы бары анықталды. Бұл – 800 мың заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлердің қаржысы. Сондай-ақ шетелдегі бар байлығы бойынша 19 мыңға жуық адамның елден тыс жерде жылжымайтын мүліктері бар екен. 10 мыңға жуық қазақстандық өзге мемлекеттердің банкінен шот ашқан. Жат елде инвестиция ретінде алтын сақтағандар да көп. Бұл ақпаратты мемлекеттік кірістер комитеті жариялады.

Табысын көрсетіп үлгермеген азаматтарға ескерту жасалған еді. Олар хабарлама алған соң 30 күн үшінде есеп беріп үлгеруге тиіс болған. Алайда тиісті құжатты толтырмағандар енді 55 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Сондай-ақ банк шоттары бұғатталады.

Еске сала кетсек, келесі жылы 18 жасқа толған барлық ел азаматары декларация тапсырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама