Кейінгі 10 айда Ұлттық қорға 5,8 триллион теңге түсті
Қазан айында Ұлттық қорға 256 миллиард теңге түсіп, бірақ 641 миллиард теңге игерілген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, Ұлттық қордың көлемі 1 айда 31,37 триллион теңгеден 30,9 триллион теңгеге, яғни 385 миллиард теңгеге немесе 1,3% қысқарған.
Жалпы, кейінгі 10 айда Ұлттық қорға 5,8 триллион теңге түсті. Оның ішінде мұнай секторынан түскен салық түсімдері – 3,2 триллион теңге, инвестициялық кіріс – 2,5 триллион теңге.
Сонымен қатар, салық түсімдері 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%, ал 2022 жылмен салыстырғанда 34,4% азайған.
Бұл ретте Ұлттық қордан 4,67 триллион теңге, оның ішінде кепілдендірілген трансферттер түрінде (республикалық бюджет тапшылығын жабуға) 2 триллион теңге, нысаналы трансферттер түрінде (әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға) 2,659 триллион теңге жұмсалды.
Сонымен, Ұлттық қордың қаражаты қазан айының соңында 30,9 триллион теңге болып, жыл басынан бері 3,7% өскен.