Halyq Uni логотип
×

Шымкентте алимент төлеуден жалтарғандар істі болды

Олардың қалай жазаланғаны айтылды

 Қымбат Елтайқызы 06.11.2024 | 16:54
Шымкентте алимент төлеуден жалтарғандар істі болды
фото: Halyq Uni

Шымкентте алимент төлеуден жалтарған борышкерлер сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жыл басынан сот үкімімен кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент төлеу міндетін орындамаған 22 борышкер қылмыстық жазаға тартылды, деп мәлімдеді қалалық прокуратура.

Олардың барлығы бұдан бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, шарасыздық танытып, халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос жұмыс орындарына орналасудан бас тартқан. Сот борышкерлерді ҚК-нің 139-бабымен көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы бойынша оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған, – деп қосты ведомство.

Биыл алимент төлемегені үшін 145 борышкер 5 күнге дейін әкімшілік қамаққа және 78 борышкер айыппұл төлеу туралы әкімшілік жауапқа тартылды.

Сот орындаушылардың борышкерлерді белсенді жауапқа тартуына прокурорлық актілердің енгізілуі өз үлесін қосып жатыр. Жыл басынан алимент өндіру үшін заңда қарастырылған атқарушылық әрекеттерін жүзеге асырмаған 70 астам сот орындаушысы прокурорлық актілер негізінде тәртіптік жауапқа тартылған.

Қала прокуратурасы алимент төлемегені үшін әкімшілік әрі 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама