Halyq Uni логотип
×

Қарызы – 54 млрд теңге: 18 мыңға жуық қазақстандық банкрот деп танылды

Кейбірінің қарызы 2 млрд теңгеге жеткен

 Дәурен Ерболат 05.11.2024 | 12:50
Қарызы – 54 млрд теңге: 18 мыңға жуық қазақстандық банкрот деп танылды
Фото: Halyq Uni

Биыл елімізде жалпы қарызы 54 млрд теңге 17,8 мың жеке тұлға банкрот деп танылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Екі банкронттық рәсімі (соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы) бойынша 17 800  мыңнан адам банкрот деп танылды. Олардың жалпы қарызы – шамамен 54 млрд теңге, - деді Ахметов ОКҚ-ден баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, банкрот деп танылғандардың қарызы мың теңгеден басталып, 2 млрд теңгеге дейін жетеді.

Елімізде банкронтыққа өтінімді көбінесе ер адам береді – 53%, әйелдер – 47%. Өтінім бергендердің орташа жасы – 40-42 жас.

Бүгінге дейін жеке тұлғаны банкрот деп тану бойынша 131 мың өтініш қаралды. Тізімнің көш басында оңтүстік өңірлер тұр: Алматы облысы, Алматы қаласы, Жамбыл және Түркістан облыстары. Мұнда халық тығыз қоныстанған, - деді Ахметов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама