Halyq Uni логотип
×

Тұрақты жұмыс істеп келгендерге зейнетке ерте шығуға рұқсат берілуі мүмкін

Бұл – халықаралық деңгейде шешімін тапқан мәселе

 Халық үні 04.11.2024 | 23:45
Тұрақты жұмыс істеп келгендерге зейнетке ерте шығуға рұқсат берілуі мүмкін
фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде зейнетке ерте шығуға рұқсат берілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ол қазір зейнетке ерте шығару бойынша мәселенің талқыланып жатқанын мәлімдеді.

Бүгінде біздің қоғамда бірнеше мәселе талқыланып жатыр. Бұл – зейнет жасын күтпей, зейнетке ерте шығу. Бұл көпбалалы, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарымыз үшін өте маңызды. Ол кісілер де ерте зейнетке шығу мәселесін көтеріп отыр. Сондай-ақ министрліктің алдына зиянды жағдайда жұмыс істейтін азаматтарды 50-55 жаста зейнетке шығару мәселесі де көтеріліп отыр, – деді министр.

Оның айтуынша, бұл – халықаралық деңгейде шешімін тапқан мәселе.

Мысалы, зейнет жасына келсе де зейнетке шықпай, жұмысын әрі қарай жалғастырған азаматтарға зейнетақысын төлемей, оны бюджетте қалдыру, ал зейнет жасына жетпей, зейнетке шыққысы келетін азаматтарға бюджеттегі сол қаржыны төлеу қарастырылып отыр, – деді Светлана Жақыпова.

Бұл ретте зейнетке ерте шыққысы келетін азаматтардың еңбек өтілі 25 жылдан кем болмауы керек. Яғни, осы уақыт бойы зейнет жарналары аударымы болуы қажет. Мысалы, азамат 20 жасынан бастап жұмыс істесе және тиісті жарналары уақтылы аударылып отырса, онда ол 45 жасында ерте зейнетке шыға алады.

Бір айта кетерлігі, бұл ұсыныстар әлі қабылданған жоқ, мұны қазір министрлік тиісті органдармен бірлесе қарап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама