Halyq Uni логотип
×

Қызылордада ата-енесінің атынан несие рәсімдеп алған келіншек сотталды

Оған пробациялық бақылау белгіленген

 Халық үні 04.11.2024 | 20:02
Қызылордада ата-енесінің атынан несие рәсімдеп алған келіншек сотталды
фото: Halyq Uni

Қызылордада күйеуінің ата-анасының атына алаяқтық жолмен несие рәсімдеген әйелге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni облыстық сотқа сілтеме жасап.

Қызылорда қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-4-тармақтарымен сотталушы Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Е. атасы мен енесінің ақпараттық жүйеден бейхабар екенін, қарттық жасын пайдаланып, бейнекамераға түсіру арқылы есепшоттарына заңсыз кіріп, ұялы телефонындағы мобильді қосымша арқылы атасы Ж.-ның атынан 4 626 167 теңге, енесі К.-нің атынан 2 190 000 теңге мүліктік несиелер рәсімдеп, оны ақшаға айналдырып, бас пайдасына жаратқан.

Сотталушының қылмыстық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, жәбірленушілердің жауаптарымен, банктік анықтамалармен, аударым түбіртектерімен және іс бойынша басқа да құжаттармен дәлелденген.

Сотталушы Е. мен жәбірленушілер Ж. және К. арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалған.

Басты сот талқылауында жәбірленуші Ж. сотталушы Е.-ден 4 626 167 теңге залалды өндіруді сұраған, ал жәбірленуші К. талап қоюдан бас тартқан.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.

Талапкер Ж.-ның пайдасына 4 626 167 теңге өндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама