Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда жылқы ұрлаған барымташылар құрықталды (ВИДЕО)

Олар 40 жылқыны сатуға апара жатқан жерінде ұсталды

 Қымбат Елтайқызы 03.11.2024 | 13:06

Қарағандыда мал ұрлығына қарсы қойылған бекетте ұрланған жылқылар анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

2-ші қараша күні таңғы сағат 4-тер шамасында Қарағанды қаласына кіреберісте орналасқан мал ұрлығына қарсы бекетте тұрған тәртіп сақшылары 57 жастағы азамат тізгіндеген КамАЗ автокөлігін тоқтатты. Көлік ішінде жүргізушімен қоса 57 жастағы азамат пен оның 29 жастағы ұлы болды, деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаменті.

Сақшылар көлікті тексеру барысында оның ішінде 40 бас жылқы болды. Жүргізушінің айтуынша, жылқылар 57 жастағы жолаушыға тиесілі екен. Алайда тексеріс кезінде жылқылардың нақты оған тиесілі екенін анықтайтын құжаттары болмады. Олардың жылқыларды Ақтоғай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен қалаға сатуға әкеле жатқаны анықталды, – деп қосты ведомство.

Нақты жылқылардың кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында көлік полиция бөліміне жеткізілді. Криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды суретке түсіріп, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жолдап, кейін олар ауыл тұрғындары отыратын ватцап чатқа таратты. Нәтижесінде аудан тұрғындарының жылқысын бағатын бақташы өзіне тиесілі екі жылқыны таныды.

Қазір барлық жылқы Үштөбе ауылындағы үйлердің бірінің қорасына түсіріліп, ол жерге тәртіп сақшылары күзет қойды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сақшылар қылмыстық іс негізінде басқа да жәбірленушілерді және қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама