Назарбаев мектебінің әр оқушысына жылына 27 млн теңгеден бөлінеді

Халық үні

Әнуар Жанғозиннің айтуынша, оған жалақы, оқушылардың тамақтануы және коммуналдық шығындар кіреді

фото: Halyq Uni

Мәжіліс отырысында депутат Магеррам Магеррамов 2011-2024 жылдар аралығында Назарбаев зияткерлік мектебінің әрбір оқушысына жылына 27 млн теңгеден бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Неліктен бір дербес білім беру ұйымын қаржыландыратын ақша бүкіл саланы қаржыландыру ақысынан артық? – деп сұрады депутат Мәжіліс отырысында.

«Назарбаев зияткерлік мектептерінің» басқарма төрағасы Әнуар Жанғозиннің пікірінше, ол білім ұйымын қаржыландыруды өңір бюджеттерімен салыстырған дұрыс емес.

Егер Назарбаев зияткерлік мектебінің бір оқушысына кететін шығын 2,3 млн теңге болса, қамаудағы бір тұтқынды қаржыландыруға 2,7 млн теңге бөлінеді, – деп толықтырды ол сөзін.

Әнуар Жанғозиннің айтуынша, грант арқылы бөлінген қаражатқа мектеп қызметкерлерінің жалақысы, оқушылардың тамақтануы және коммуналдық шығындар кіреді. Мектептерді қаржыландырудың барлық көлемі жыл сайын орталық мемлекеттік органдармен және Мәжіліс депутаттарымен келісіліп, республикалық бюджет шеңберінде бекітіледі.