Үш жылда әскерилердің жалақысы 60%-ға өседі

Дәурен Ерболат

Қаржы бөлу мәселесі бюджетте қарастырылған

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

2025-2027 жылдары аралығында Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы 60%-ға артады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

2025 жылдан бастап, сержант, офицер, келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. 3 жылдың ішінде жалақы 60%-ға өседі, - деді Сұлтан Қамалетдинов Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Бұған дейін мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін тегін оқуға арналған сертификат иегерлерінің тізімі жарияланды