Үш жылда әскерилердің жалақысы 60%-ға өседі
Қаржы бөлу мәселесі бюджетте қарастырылған
2025-2027 жылдары аралығында Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы 60%-ға артады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
2025 жылдан бастап, сержант, офицер, келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. 3 жылдың ішінде жалақы 60%-ға өседі, - деді Сұлтан Қамалетдинов Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Бұған дейін мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін тегін оқуға арналған сертификат иегерлерінің тізімі жарияланды.