Атбасар ауданында монополист тарифтерді заңсыз өсірген
Тағы бір заңбұзышылық тіркелді
Атбасар аудандық прокуратурасы «Атбасар су» ШЖҚ МКК-ның қызметінде тарифті қалыптастыру кезіндегі заңнаманың бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Атап айтқанда, кәсіпорын әлеуметтік салық пен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемдерді негізсіз енгізген, деп мәлімдеді Ақмола облысының прокуратурасы.
Енгізілген қадағалау актісінің нәтижесі бойынша, бюджеттік ұйымдар үшін орташа өлшенген тариф биылғы жылдың қараша және желтоқсан айларындағы тарифтер 20 025,16 теңгеден/Гкал-дан 16 398,62-ге дейін, ал заңды тұлғалар үшін – 8 007,42-ден 6 557 дейін төмендетілді, – деп қосты ведомство.
Осылайша, жергілікті тұтынушылардың, оның ішінде 424 заңды тұлғаның мүдделері қорғалды.