Халықтың дені қарызды әдеттегідей ұлттық валютамен алған
Бүгінде қазақстандықтар тұтынушы несиелеріне жиі жүгінетін болған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлттық банк мәліметінше, 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде тұтынушылық несиелер көлемі 12,8 трлн теңгеге жеткен. Көрсеткіш жыл басынан бері 24,2% немесе 2,5 трлн теңгеге артқан.
Қазір қарызға батқан аймақтар тізімін Алматы қаласы бастап тұр. Жергілікті тұрғындардың 3,9 трлн теңге несиесі бар. Екінші орында 1,3 трлн теңге қарызбен Астана тұрса, алғашқы үштікті 1,01 трлн теңге берешекпен Шымкент қаласы түйіндейді.
Сондай-ақ тұтынушылық несиелер бойынша банк алдында қырызы артқан өңірлер қатарына Қарағанды (740,6 млрд теңге), Ақтөбе облыстары (543,6 млрд теңге) енген.
Несиенің төменгі мөлшері Ұлытау (122,1 млрд теңге), Алматы облыстарында (156,8 млрд теңге) тіркелген.
Несиелердің дені әдеттегідей ұлттық валютамен алынған.