Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Соңғы уақытта қор салымшыларына қатысты алаяқтық әрекеттер жағдайлары орын алып жатыр. Алдаудың жаңа тәсілдері ойлап табылып отыр. Сіздерге мұқият әрі барынша абай болуға кеңес береміз.
Естеріңізде болсын:
- «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері ешқашан телефон қоңыраулары, электрондық хаттар немесе мессенджерлердегі хабарламалар арқылы жеке деректеріңізді, пароліңізді немесе қаржылық ақпаратты сұратпайды;
- Хабарламалар келіп түсетін электрондық пошта мекенжайларды және телефон нөмірлерді тексеріп отырыңыз. Алаяқтар ұқсас мекенжайларды пайдалануға тырысады;
- Күдік тудыратын хабарламалардағы сілтемелерге кірмеңіз, сілтемелерді баспауға тырысыңыз;
- Күдік тудыратын белгісіз нөмірден қоңырау шалынса, өзіңіздің жеке дерек-теріңізді айтпаңыз, әңгімені тоқтатыңыз;
- Егер сізге ұтыс, қаражаттың қайтары-латыны немесе басқа да тиімді ұсыныс-тар жайында хабарлама келіп түссе, тексерілмеген ақпаратқа сенбеңіз. Олар-дың шынайылығын міндетті түрде ресми арналар арқылы тексеріңіз;
- Бір реттік кодтарды, парольдерді немесе СМС арқылы алған өзге де ақпаратты мүлдем айтпаңыз», – деп мәлімдеді қор.
«Сіз барлық сұрақтың жауабын БЖЗҚ бөлімшелерінде, сондай-ақ қашықтан enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы, байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалып, көп арналы тегін байланыс арқылы, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsАрp арқылы, «Одноклассники», Telegram, Facebook, В контакте, Twitter және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілерде тіркелген БЖЗҚ ресми парақшаларынан алып, ақпаратты тексере аласыз», – деп түйіндеді ведомство.