×

Үш өңірдің шаруалары елордадағы жәрмеңкеге өз өнімдерін әкеледі

Бұл – биылғы соңғы жәримеңке

 Қымбат Елтайқызы 23.10.2024 | 09:59
фото: Астана әкімдігі

Астанадағы жәрмеңкеде Ақмола, Қостанай және Ұлытау облыстарының шаруалары өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жергілікті әкімдік мәліметінше, бас қалада 26 және 27 қазанда осы жылдың соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Оған Ақмола, Қостанай және Ұлытау облыстарының тауар өндірушілері қатысып, 800 тоннаға жуық экологиялық таза өнім жеткізеді.

Ақмола облысы 300 тоннадан астам жаңа өнімдерді, оның ішінде ет, сүт, көкөніс және жарма өнімдерін әкеледі. Оның ішінде «Гормолзавод», «Родина», «Макинск құс фабрикасы», «Бижан», «Қазгер құс» сияқты ірі жергілікті өндірушілер және т.б. бар, – деп қосты ведомство.

Қостанай облысынан 402 тонна өнім, оның ішінде 52 тонна ет, 95 тонна көкөніс және 40 тонна ұн, сонымен қатар брендтері республикаға және одан тыс жерлерге танымал кәсіпорындардан сүт және кондитерлік өнімдер ұсынылады. Бұл «Милх», «ДЕП», «Баян сұлу», «Бекиров» және т.б.

Ұлытау өңірі 70 тонна ет, көкөніс және сүт өнімдерін жеткізеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары фермерлерден тікелей өнім алып қана қоймай, қатысушы өңірлер өнерпаздарының концерін тамашалайды. Жәрмеңкеге 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Ол Қарқаралы тас жолындағы «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы жерде өтеді. Халыққа ыңғайлы болу үшін жәрмеңке кезінде №18, 37, 303 және 323 автобустары қызмет көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама