Ауыл қызметкерлерінің құқығы өрескел бұзылды
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары ауыл қызметкерлерінің құқығын қорғады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Прокуратура органдары азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғау бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізіп жатыр. Талдау шеңберінде қызметкерлердің әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілмегендіктерінен құқықтарының өрескел бұзылуы анықталды, деп мәлімдеді облыстық прокуратура.
Қызылжар, Ғ.Мүсірепов, Мамлют, Шал ақын, Тайынша аудандарында «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң талаптарына қайшы, ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы 5 мың маманға коммуналдық қызметтер мен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек төлеу көзделмеген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша, мәслихаттардың шешімдерінде жоғарыда аталған төлемдер көзделген. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мамандар үшін 115,1 млн теңге сомасына бюджет қаражатын бөлді, – деп қосты ведомство.
Бүгінгі таңда 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек төленіп отыр. Нәтижесінде, қабылданған шаралардың арқасында ауылдық жерлерде тұратын қызметкерлердің құқығы қорғалды.