Halyq Uni логотип
×

95 млрд теңге: хоккей қаражатына 6 жыл бойы мониторинг жүргізілмеген

«Барыс» клубы 3 легионерді шығарып салуға 265 млн теңге өтемақы төледі

 Халық үні 21.10.2024 | 21:26
95 млрд теңге: хоккей қаражатына 6 жыл бойы мониторинг жүргізілмеген
фото: hcbarys.kz

«Барыс» хоккей клубының легионерлермен қоштасуы өткен аптаның басты жаңалығы болғаны жасырын емес. Осы өзгерістерге байланысты спорт журналисі Аслан Каженов те Instagram-дағы парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазір «Барыс» хоккей клубындағы проблемалар жіті назарға алынды. Бәленбай жыл тапжылмай отырған басшысын алып, орнына қазақ маманын әкелді. Дәл солай «проходной двор» болып кеткен бас бапкердің лауазымын шетелдіктерден тазалап, өзімізің маманды қойды. Енді біртіндеп легионерлерді елдеріне қайтаруға кірісіп жатыр. Бірақ бұл шаруа біз ойлағандай оңай емес екен. Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін клуб қожайындары аса ірі көлемде өтемақы төлеуге мәжбүр. Мәселен, шабуылшы Майкл Маклауд 92,5 миллион теңге, қорғаушы Уил Бутчер 107 миллион теңге, тағы бір қорғаушы Натан Болье 65 миллион теңге алған. Осылайша, астаналық клуб 3 шетелдік ойыншыға 265 миллион теңге жұмсаған. Бұл жөнінде «Трансферы КХЛ» Telegram-арнасына сілтеме жасап, «Бірінші бол» сайты мәлімдеді. Масқара... - дейді Аслан Каженов.

Оның айтуынша, антикор кейінгі 6 жылда хоккей клубтарына 95,8 млрд теңге ақша бөлгенін анықтаған. Ал бұл қыруар қаржының басым бөлігі «Барыс» клубына кеткен.

Ешқандай мониторинг болмаған. Жемқорлыққа қарсы агенттік соңғы 6 жылда еліміздегі хоккей клубтарына 95,8 млрд теңге бөлінгенін анықтады. Басым бөлігі, әрине, «Барысқа» кетті. 48,9 млрд теңге. Оның жартысынан көбі ойыншылардың, әсіресе, шетелдік ойыншылардың жалақысына жұмсалған. Одан бөлек, өңірлерде хоккей клубтарын ұстау үшін 4-11 млрд теңге арасында ақша қарастырады. Мәселен, Қарағандыда 11,1 млрд теңге, Атырауда 6,5 млрд теңге, Көкшетауда 5 млрд теңге, Ақтөбеде 4,2 млрд теңге деген сияқты. Осылай кете береді. Барлығы – халықтың ақшасы. Өкінішітісі сол, мен айтқан соңғы 6 жылда ешқандай мониторинг болмаған. Яғни, әркім өз білгенін істеп келді. Әлі де істеп жатыр, - дейді журналист.

Алайда бұл жаңалыққа қатысты антикор әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама