Берешекті прокуратура қайтарды
Шығыс Қазақстанда жалақы бойынша берешек прокуратураның араласуынан кейін өтелді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы жүргізген талдаумен «Самар» КМК-нің еңбек кодексінің талаптарын бұзып, 37 қызметкерге тамызда жалпы сомасы 4,1 млн теңге жалақы төлемегені анықталды, деп мәлімдеді облыстық прокуратура.
Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 2024 жылғы 1 қазанда қызметкерлер алдындағы борыш толық көлемде өтелді, – деп қосты ведомство.
Сондай-ақ, жалақыны уақытылы төлемегені үшін кәсіпорын ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша 221 520 теңге сомасында 60 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.