×

Қарағандыда 3 млн теңгеге жуық айыппұлы бар жүргізуші жазаланды

Берешегі бар тағы бір адам қолға түсті

 Қымбат Елтайқызы 16.10.2024 | 15:09
фото: polisia.kz

Қарағандының тәртіп сақшылары 3 млн теңгеге жуық әкімшілік айыппұлы бар жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүргізген іс-шаралары барысында қала көшелерінің бірінде шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген жеңіл көлікті тоқтатты. Аталған автокөлік тізгінінде 23 жастағы қала тұрғыны болған.

Жүргізілген тексеріс барысында көлік жүргізушісінің жол жүру ережесін өрескел бұзушы екені анықталып, оның жалпы сомасы 2 миллион 800 мың теңгеге 106 әкімшілік құқық бұзушылығы бары белгілі болды, – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, тексеріс барысында автокөлік жүргізушісінде көлікті басқару кезіндегі міндетті сақтандыру полисі болмаған. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлігі айып тұраққа қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама