Halyq Uni логотип
×

Биыл қазақстандықтарға 2,8 трлн теңге зейнетақы төленді

Елімізде 2 млн 413 мың зейнеткер бар

 Динара Амантай 16.10.2024 | 09:09
Биыл қазақстандықтарға 2,8 трлн теңге зейнетақы төленді
Фото: Halyq Uni

Жыл басынан бері қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 2 трлн 803 млрд теңгеге зейнетақы төленді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, базалық зейнетақы төлеуге 882,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 трлн 920,2 млрд теңге қарастырылған.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 413 мың адам.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері – 131 810 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 211 теңге, базалық зейнетақы – 42 599 теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама