Halyq Uni логотип
×

Павлодарда жүздеген мың айыппұлын төлемей жүрген жүргізуші жазаланды

Ол бірнеше жыл бойы ондаған айыппұлын төлемеген

 Қымбат Елтайқызы 15.10.2024 | 12:45
Павлодарда жүздеген мың айыппұлын төлемей жүрген жүргізуші жазаланды
фото: Halyq Uni

Павлодар облысында әкімшілік айыппұлдарын төлеуден жалтарып жүрген жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, Екібастұз қаласының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Кибер-Шериф» аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен 2016 жылдан бері 243 846 теңге сомасына салынған 15 әкімшілік айыппұл бойынша төленбеген берешегі бар такси жүргізушісін анықтады.

«Ол көбіне бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, жылдамдық режимін бұзған. Тәртіп сақшылары автокөлікті мамандандырылған тұраққа қойып, жүргізушіге қарыздарды, әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу туралы түсіндірді», – делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама