«OLX Қазақстан» бұндай жағдайда не істеу керектігін айтты
Хабарландырулар қызметінің мәлімдеуінше, елімізде соңғы күндері болған оқиғалар халықты дүр сілкіндірді.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыстық жолмен иемденген тауарларды сату фактілері жиілеп кеткенін байқадық. Мұндай мүлікті сатып алу немесе сату қатаң түрде заңмен қудаланады, - деді компания.
Тауарды қолма-қол сатып алу кезінде мына екі ережені ұмытпаған жөн:
• Сатушыдан сатылатын заттың заң бойынша өзіне тиесілі екенін растайтын құжаттарды сұраңыз — чек, түбіртек, келісімшарт;
• Сатушының байланыс ақпаратын біліп, жазып алыңыз — телефон, пошта, қала және тауарды алған мекенжайы.
OLX сервисінде күдік тудыратын хабарлама байқасаңыз, бізге барлық ақпаратты support@olxkz.zendesk.com поштасына немесе профильдегі сілтеме арқылы кері байланыс формасы арқылы жіберуіңізді сұраймыз. Егер дәл осындай тауарды сатып алған болсаңыз, жергілікті полиция бөлімшесіне хабарласып, тергеуге қажетті ақпаратты беріңіз. Бүгінде бір-бірімізге тек қолдау білдіріп қана қоймай, азаматтық жауапкершілігіміз сыналар қиын кезеңге тап болдық. Тәртіп пен әділдікті орнату үшін күш біріктірейік, – деді OLX.
БИЗНЕС ШЫҒЫНЫ
Бүгінгі ақпарат бойынша, Қазақстандағы бизнес шығыны 103 млрд теңгеден асты. Соның ішінде Алматы қаласында – 102,2 млрд теңге.
11 өңірде 1615 зардап шеккен бизнес-субъект анықталды. Cоның ішінде 1506 субъект Алматы қаласында орналасқан.
Залал келген бизнес салалары: сауда – 1482, қаржы секторы – 61, қоғамдық тамақтану – 44, логистика – 23, БАҚ – 5.
11 аймақ бизнесіне залал келді. Олар:
Мысалы, 12 қаңтардағы деректерге сай, Алматы облысында 120-ға тарта зардап шеккен бизнес субъектісі анықталды. Талдықорған қаласы, Қарасай, Жамбыл, Ақсу аудандарындағы нысандарға залал келді. Алдын ала есептеулерге сай, залалдың жалпы сомасы 8,5 млрд теңгеден асып отыр.
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаеваның айтуынша, облыс орталығында «Қарағаш» сауда үйі әрі ондағы 5 бутик, 3 Sulpak тұрмыстық техника дүкені, 2 Technodom техника дүкені, Small супермаркеті, полиция департаменті және облыс әкімдігінің асханалары, екі жанармай құю стансасы зардап шекті. Қарасай ауданында «Апорт» сауда және ойын-сауық орталығындағы 70-ке жуық дүкен мен бутик әрі «Алтын орда» базарының 20-ға жуық сауда дүкені, екі жанармай бекеті, ал Ақсу ауданында 1 кәсіпорын, Жамбыл ауданында бір жанармай құю стансасы мен т.б. нысандар тоналып, оларға залал келді.