Halyq Uni логотип
×

2025 жылы Алматы әкімдігіне 1 трлн теңгеге дейін қарыз алуға рұқсат беріледі

Қарыздың ең төменгі шегі – Ұлытау облысында

 Халық үні 10.10.2024 | 23:23
2025 жылы Алматы әкімдігіне 1 трлн теңгеге дейін қарыз алуға рұқсат беріледі
фото: new.olympunion.kz

Ұлттық экономика министрлігі облыстар мен республикалық маңызы бар қала әкімдіктерінің 2025 жылға арналған қарыз алуы бойынша жаңа лимиттерді белгілейтін бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы қаласының әкімдігі келесі жылы 2024 жылдан 75%-ға артық 1,18 трлн теңгеге дейін (2024 жылы 674 млрд теңге), Астана әкімдігі 286,1 млрд теңге (2024 жылғыдан 29% артық), ал Шымкент әкімдігі 208,19 млрд теңгеге дейін қарыз ала алады.

Республикалық маңызы бар үш қаладан бөлек, Түркістан облысының әкімдігіне үлкен көлемде қарыз алуға рұқсат берілмек. Жергілікті билік келесі жылы 472,5 млрд теңгеге дейін (2024 жылы – 359,9 млрд теңге) қарыз ала алады. Ал қарыздың ең төменгі шегі Ұлытау облысында – 55,2 млрд теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама