Мекемелер жалақы бойынша жұмысшыларға 3,8 млрд теңге қарыз болған
Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 260 кәсіпорны 17 мың жұмыскерге жалақы бойынша 3,8 млрд теңгеге берешек екенін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, ұйымдарда жүргізілген тексеру барысында еңбек құқығын бұзудың 6,9 мыңға жуық дерегі анықталды.
Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 222 ұйғарым берілді және 34,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 15,6 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 3 млрд теңге төленді, – делінген министрлік хабарламасында.