Ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы 494 теңгеден асып кетті
Ал Ұлттық банкте доллардың ресми бағамы - 486,44 теңге
Бүгін, яғни 9 қазанда Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы 494 теңгеден асты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күн сайынғы сауданың қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,48 теңгеге көтеріліп, 489,06 теңгені қамтыды. Ал Ұлттық банкте 9 қазандағы доллардың ресми бағамы 486,44 теңге болып тұр.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 491,5 теңге, ал сату бағамы 494,3 теңге болды. Сонымен қатар, Астанадағы ақша айырбастау орындары долларды орта есеппен 488 теңгеден сатып алып, 493 теңгеден сатып жатыр.