×

Алматыда мұқтаж азаматтар баспанамен қалай қамтамасыз етіледі

Қанша адамның кезекте тұрғаны, қаншасының үймен қамтылғаны белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 08.10.2024 | 14:29
фото: Halyq Uni

Алматыда жыл басынан бері 2 726 кезекте тұрған азамат коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, тұрғын үй кезегінде 43 448 адам тұр. Олардың ішінде: 2 330 – жетім балалар, 7 546 – көпбалалы отбасылар, 18 468 – халықтың әлеуметтік осал топтары, 15 104 – бюджеттік ұйым қызметкерлері, – деп мәлімдеді қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Биыл 8 айда 2 726 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Оның ішінде: 1 080 – кезекте тұрғандарға арналған коммуналдық тұрғын үй қорынан жалдамалы тұрғын үй, 1 348 – жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй, 226 – 2% және 5% жеңілдетілген несие бағдарламалары арқылы тұрғын үй, 72 – «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша баспана алғандар. Сонымен қатар, 169,3 млн теңгеге 148 тұрғын үй сертификаты берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама