Прокурор жедел шаралар қабылдап, берешек келесі күні-ақ өтелді
Ақмола облысы прокуратурасының іске араласуынан соң Ерейментау ауданында мұғалімдердің жалақы бойынша берешегі өтелді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ерейментау ауданы прокурорының Үленті ауылдық округіне барғандағы жеке қабылдауында мектеп директорының орынбасары мұғалімдерге жалақы төлеуді кешіктіру мәселесі бойынша шағымын айтты.
Аудан прокуроры жедел шаралар қабылдап, келесі күні жалпы сомасы 8 млн теңгегеден аса жалақы бойынша берешек өтелді.