Halyq Uni логотип
×

Елімізде бір жылда бензин бағасы 5%, дизель отыны бірден 42% өсті

Бензин мен дизельдік отын өндірісі артып келеді

 Динара Амантай 13.06.2022 | 10:50
Елімізде бір жылда бензин бағасы 5%, дизель отыны бірден 42% өсті
Фото: Halyq Uni

2022 жылғы қаңтар-сәуірде бензин өндіру 1,6 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артық. Energyprom.kz мониторинг агенттігінің мәліметінше, саладағы өсім жетінші жыл қатарынан байқалып отыр.

Дизельдік отын өндірісі 2022 жылғы қаңтар-сәуірде 1,7 млн тоннаға жетіп, екінші жыл қатарынан өсім көрсетіп отыр, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8,4%-ға артық.

Ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау үшін Қазақстанда автомобиль көлігімен бензинді, дизель отынын, сондай-ақ басқа да мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салынды. Тыйым 2021 жылдың 21 мамырынан бастап 6 айға бекітілген еді, содан кейін ағымдағы жылдың 21 мамырына дейін ұзартылды. Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салуды 2022 жылдың соңына дейін ұзартуды жоспарлап отыр.

2022 жылдың мамыр айының соңында бензин өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 4,7%-ға қымбаттады. Тиісті кезеңдегі өсім үшінші жыл қатарынан байқалады. Дизельдік отын бағасы бірден 41,5%-ға көтерілді, бұған дейін екі жыл қатарынан арзандау үрдісі байқалған еді.

Жазғы дизель отыны бір жылда 24,6%-ға, АИ-98 бензині – 9,6%-ға, АИ-95/96 – 9,1%-ға, АИ-92 – 4,2%-ға қымбаттады.

Ағымдағы жылдың мамыр айында АИ-92 маркалы бензиннің орташа бөлшек сауда бағасы литріне 178 теңгені, АИ-95/96 литріне 210 теңге, АИ-98 литріне 232 теңге, жазғы дизель отынына 234 теңгені құрады.

Ең қымбат АИ-92 бензині Петропавлда (литріне 182 теңге), Алматыда АИ-95/96 (литріне 215 теңге), Қостанайда АИ-98 (литріне 238 теңге) болды.

Ең арзан бензин Атырауда болды: АИ-92 литріне 168 теңге, АИ-95/96 литріне 201 теңге, АИ-98 литріне 227 теңге. Ақтауда АИ-95/96 бірдей (литріне 201 теңге), Қарағанды мен Оралда АИ-98 (литріне 227 теңге).

Жазғы дизель отыны ең қымбат Қостанай мен Петропавлда (литріне 260 теңге), ең арзаны Шымкентте (литріне 225 теңге) болды.

GlobalPetrolPrices.com сайтының мәліметі бойынша, 2022 жылғы 6 маусымдағы жағдай бойынша бензиннің арзандығы бойынша Қазақстан 170 елдің ішінде 11-ші орында тұр: литріне $0,48. Дизельдік отынның құны бойынша Қазақстан 169 елдің ішінде 16-шы орында тұр: литріне $0,55.

Бензиннің ең жоғары бағасы Гонконгта (литріне 2,96 доллар), Норвегияда (2,86 доллар), Данияда (2,73 доллар), Финляндияда (2,68 доллар) және Исландияда (2,52 доллар) тіркелді. Дизель Гонконгта (2,73 доллар), Швецияда (2,68 доллар), Норвегияда (2,6 доллар), Монакода (2,43 доллар) және Исландияда (2,46 доллар) ең қымбат болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама