×

Қазақстан кәсіпорындары жұмыскерлеріне 2 млрд теңгеге жуық жалақы төлемеген

Кәсіпорын басшылары жазаланды

 Қымбат Елтайқызы 13.06.2022 | 09:00
коллаж: Halyq Uni

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 6,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

«Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 434 кәсіпорнында 8,8 мың жұмыскердің алдында 1 млрд 996 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл кәсіпорындар басшыларына орындалуы міндетті 298 нұсқама беріліп, 52,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», – деді еңбек министрлігі.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң сақталуы тиіс кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 6,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 1 млрд 754,5 млн теңге төленді.

Қазақстан кәсіпорындары жұмыскерлерінің 565 млн теңге жалақысын төлемеген. Биыл кәсіпорындар жұмыскерлердің 900 млн теңгеге жуық жалақысын төлемеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама