Halyq Uni логотип
×

Полиция алаяқтардан сақтану жолдарын атады

Халыққа пайдалы кеңестер берілді

 Қымбат Елтайқызы 03.10.2024 | 13:30
Полиция алаяқтардан сақтану жолдарын атады
фото: Halyq Uni

Алматының тәртіп сақшылары алаяқтардан сақтану жолдарын атады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, алматылық «Киберпол» интернет-алаяқтардың торына түсіп қалмау жөнінде маңызды ұсыныстарды айтты.

Сақтық шаралары:

  • банктер мен ұялы байланыс операторларынан телефоныңызға келетін SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз;
  • жеке деректеріңізді, банктік шотыңыз және картаңыз туралы ақпаратты ешкімге жібермеңіз және жария етпеңіз;
  • банк карталарыңызды үшінші адамдарға пайдалануға бермеңіз әрі белгісіз адамдардан сіздің атыңызға ақша аударымдарын қабылдамаңыз;
  • өнімді сатып алмас бұрын немесе онлайн қызмет алу алдында интернет-дүкендердің рейтингтері мен пікірлерін тексеріңіз.

Құқық қорғау органдары және банктер телефон арқылы ешқашан транзакция жасауды немесе жеке ақпаратыңызды сұрамайды. Алматы сақшылары Egov қосымшасында несие алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш беруге кеңес береді. Ол үшін eGov mobile мобильді қосымшасында немесе eGov.kz порталында өтініш беру қажет. Мобильді қосымшада бұл қызмет негізгі бетте, «Танымал қызметтер» бөлімінде қолжетімді. Ұқсас қызметті eGov.kz порталының «Азаматтар» – «Кеден әрі салықтар» – «Экономика мен қаржы» бөлімінде де алуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама