×

«Көлігінен 1 млрд теңге табылды». Антикор білім беру саласынан қомақты қаржы ұрланғанын айтты

Сала толық цифрландырылады

 Дәурен Ерболат 02.10.2024 | 12:06
Фото: Halyq Uni

Соңғы екі жылда білім саласындағы жемқорлықтан мемлекетке 17 млрд теңге залал келген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

2022-2023 жылдары саладағы жемқорлықтан мемлекетке 17 млрд теңге залал келген. Мысалы, Талдықорған қаласында білім беру бөлімінің меңгерушісі, бас бухгалтер, бірқатар мектеп директоры 4 млрд теңгеден астам қаржы ұрлаған. Тіпті, (күдіктілерді) ұстау барысында көліктен шамамен 1 млрд теңге табылды. Осыған ұқсас фактілерді өзге өңірлерде де анықтадық, - деді Ұлан Сарқұлов Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Оның пікірінше, білім берудегі жемқорлықты жою үшін саланы цифрландыру керек.

Адами факторды болдырмау үшін барлық процесті цифрландыру қажет. Іс-қағазды жүргізгенде манипуляция болмауы шарт. Қазір біз профилді министрліктер және әкімдіктермен түрлі ақпараттық жүйені енгізіп жатырмыз. Нәтижесінде мұндай деректердің айтарлықтай төмендегенін байқап отырмыз, - деді төрағаның орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама