Астанада төрт өңірдің жәрмеңкесі өтеді
Онда ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады
Елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 12-13 қазанда өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жергілікті әкімдік мәліметінше, өз өнімдерін еліміздің төрт өңірінен келген аграрлар ұсынады.
Елімізде өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 12-13 қазанда өтеді. Өз өнімдерін Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Жетісу өңілерінен келген аграрлар ұсынады. Олар ет, сүт өнімдері, жеміст пен көкөніс, бал және басқа да тауарлар әкеледі, – деп қосты ведомство.
Биыл жәрмеңке Қарқаралы тас жолындағы «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы орында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңкелерді өткізу кезеңінде №18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қатынайды. Жәрмеңкелер 27 қазанға дейін өтеді.