Мүгедек адамдарға жағдай жақсарды
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қалада инватакси санының үш есеге артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Мүмкіндігі шектеулі жандармен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен, сол сияқты ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен тұрақты түрде кездесіп тұрамын. Бірлесе отырып, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартамыз. Кездесуде инватакси, халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімді орта, тротуарлар мен аялдамалардың ыңғайлылығы әрі т.б. мәселелерді талқыладық. Жаңа қоғамдық кеңістіктер және аулаларды, жаяу жүргіншілер тротуарлары мен жолдарды абаттандыру барысында барлық санаттағы адамдардың мүдделерін ескереміз», – деп жазды елорда басшысы әлеуметтік желідегі парағында.
Сондай-ақ маңызды мәселе – инватакси. Жыл сайын инватакси санын көбейтіп жатырмыз. Мәселен, бұрын 50 машина болса, алғашқы кезеңде 113 машинаға дейін арттырдық. Қазір инватакси саны – 147. Бірақ бұл да Астана қажеттілігін толық қамти алмайды. Сол себепті олардың санын арттыруды ары қарай да жалғастырамыз. Сонымен қатар, мектептер әрі балабақшаларда инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуды, осы санаттағы адамдармен жұмыс істеу үшін мамандарды оқытуды жалғастырамыз. Сол сияқты колледж базасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды жаңа мамандықтар бойынша және т.б. оқытамыз, – деп қосты ол.
Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды, деп түйіндеді әкім.