Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық мамандар халықаралық Олимпиадаға аттанды

Олимпиада қаржылық қауіпсіздікке бағытталған

 Қымбат Елтайқызы 29.09.2024 | 15:23
Қазақстандық мамандар халықаралық Олимпиадаға аттанды
фото: ҚМА

Ресей Федерациясында жыл сайын қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық Олимпиада өткізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Биыл 29 қыркүйектен 5 қазанға дейін Сочи қаласында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық желілік институт ұйымдастырған Олимпиада өтеді, деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Қаржы қауіпсіздігі бойынша халықаралық Олимпиада финалына 36 елден 550-ден астам финалист қатысады, – деп қосты ведомство.

Қазақстан атынан іріктеуден өткен еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан 10 студент пен магистрант қатысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама