БҚО-да онға жуық отбасы баспаналы болды

Қымбат Елтайқызы

Оларды кімдердің алғаны айтылды

фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстанның Жаңақала ауданында сегіз отбасы үйлі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Биылғы жылдың 27 қыркүйек күні Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылы және Мұқыр елді мекенінде кезекте тұрған әлеуметтік осал топ санатындағы 8 отбасыға жаңа үйдің кілті табысталды. Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Т.Каюпов келіп, тұрғын үй иелерін жаңа қоныстарымен құттықтай отырып, жылы лебізін жолдады.

«Жаңа үйлер «Тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес салынған болатын. Жаңақазандағы 80 шаршы метрді құрайтын төрт пәтердің құны 77,48 млн теңге «Самұрық – Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» арқылы сатып алынса, құны 35,9 млн теңге құрайтын екі пәтер республикалық бюджет есебінен сатып алынды», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, Мұқыр елді мекеніндегі екі пәтер «Самұрық – Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» арқылы 38,74 млн теңгеге сатып алынды.