Құқық бұзушылықтар анықталды
Астандада тұтынушылар құқығын бұзған кәсіпкерлер жазаланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында департамент ӘҚБтК-тің 190 (5 пен 6-бөліктерінде), 193-баптарында (1-бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, сауда саласы бойынша қырағы сатып алушылардың өтініші негізінде 14 кәсіпкер Қазақстанның сауда қызметін реттеу жайлы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ӘҚБтК-нің 193-бабының 4-бөлігі бойынша Қазақстан аумағында бағалар жапсырмасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды бағасын теңгемен көрсетпей өткізу не Қазақстан аумағында құны бағалар жапсырмасымен ресімделген бағадан асатын, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды өткізу не Қазақстан аумағында жария шарт талаптары бойынша тауарды өткізген кезде оның бағасын теңгемен көрсетпеу – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 6, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі. Осылайша, айыппұлдың жалпы сомасы 343 400 теңгені құрады», – дейді ол.
Мәліметінше, осы бап бойынша әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 65, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 120, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ведомство басшысының айтуынша, сауда қызметін реттеу туралы заңнамаға сәйкес, сауда базарының жұмыс регламенті бекітілген, онда:
«Сауда базары қызметін ұйымдастыру жөніндегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан заңнамасы талаптарын бұзғаны үшін, сауда базарының әкімшісі бекіткен сауда базары регламентінің болмағаны үшін ӘҚБтК-нің 204-2-бабы бойынша 7 сауда базары ескерту түрінде әкімшілік жауапқа тартылды. Осы бап бойынша әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда – 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», – деді департамент басшысы.