×

Құлыбаевтың компаниясы Алматы әкімдігінен 34 млрд теңге өндіріп алмақ

Әкімдер жер учаскелерін заңсыз берген барлық жобаға қатысты осындай жағдай болады, - деді депутат

 Халық үні 18.09.2024 | 22:41
фото: kaznu.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың олигарх күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың компаниясы Алматы қаласы әкімдігінен 34 миллиард теңге өндіріп алмақ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлім етті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Депутаттың айтуынша, талап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жерлерді қайтару ісіне қатысты. Осы орайда ол сауалын Бас прокуратураға жолдады.

Соттың шешімі бойынша, бизнес-орталық салынатын жерінен айырылып, Тимур Құлыбаевтың фирмасы Алматы қаласының әкімдігіне 34 миллиард теңге сомасында есепшот жасады. Енді соттан ұтылғаннан кейін компания бизнес-орталықтың құрылысына салынған заңсыз инвестицияларын өндіріп алғысы келеді. Әкімдер жер учаскелерін заңсыз берген барлық жобаға қатысты осындай жағдай болады, - деді депутат Мәжіліс отырысында.

Еске сала кетсек, 2017 жылғы 1 тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қаласының әкімдігіне Әл-Фараби даңғылы, 71 мекенжайы бойынша жер учаскесінің шекараларын түзету туралы өтінішпен жүгінген болатын. Жалпы алғанда, ҚазҰУ өз аумағын 1 гектарға (73,2-ден 72,1 гектарға) дейін қысқартуды жоспарлаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама