×

Жалақы да, зейнетақы да аламын – министр

Басшы өзіне жүктелген міндетті сапалы орындауға дайын

 Дәурен Ерболат 18.09.2024 | 13:09
фото: Halyq Uni

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жалақы да, зейнетақы алатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Министр биыл 63 жасқа толғанын атап өтті. Зейнетақысы – шамамен 160 мың теңге.

Иә, мен зейнетақы да, жалақы да аламын. Мемлекет басшысы өкілетімді ұзартты. Бұл маған жауапкершілік жүктейді. Мен жұмыс істеп, Отаныма пайда әкелуге тырысамын. Өйткені, менде жеткілікті тәжірибе жинақталған. Уақыт өте әрқайсыңыз өмірде және жұмыста жинаған тәжірибе құнды екенін түсінесіздер, - деді Нысанбаев.

Оның пікірінше, ересектердің де жұмыс істеуге құқы барын ескеру керек.

«Өйткені, менің күш-қуатым, білімім мен тәжірибем бар. Қазақта «үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген жақсы сөз бар. Мен жастардың жолына бөгет болған емеспін. Алайда, өзімнің міндетімді сапалы орындаруға бар күш-жігерімді саламын», - деді министр.

Ашық дереккөздегі мәліметке сүйенсек, Ерлан Нұрәліұлы Нысанбаев 1961 жылы 11 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама