Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда электромобильдер саны екі есе артты

Қай қалада көбейгені де белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 17.09.2024 | 12:18
Қазақстанда электромобильдер саны екі есе артты
фото: Halyq Uni

Шілдеде 156,8 мың автокөлік есепке қойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы шілдеде 156,8 мың көлік есепке қойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға кем.

Осылайша, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген автокөліктер саны 5 545,2 мыңды құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк көліктері және 2,1% – автобустар, – деп қосты ведомство.

Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқандар үлесі – 44,2%, 10-20 жыл арасында – 23,5%, 7-10 жыл болғандар – 12,3%, 3 жылдан асқан бірақ 7 жылдан кемдер – 13,6% және шыққан жылы 3 жылдан төмен автокөліктер үлесі – 6,2%. Шығарылған жылы 20 жылдан асқан жеңіл көліктердің ең көп саны Алматы облысында – 324,9 мың, Алматы қаласында – 189,6 мың, Жамбыл облысында – 169,4 мың, Қарағанды облысында – 162,7 мың және Шығыс Қазақстан облысында – 153,8 мың.

Пайдаланатын отын түрі бойынша автомобильдің 81,9% бензинмен, 7,5% – аралас отынмен жүреді, дизель отынымен қозғалатындар үлесі – 7,1%, газ баллонымен жүретін автокөлік үлесі 0,2% құрады, тағы 0,2% автомобиль электр қуаты есебінен қозғалады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тоқ күшінің көмегімен қозғалатын жеңіл автокөліктер саны 2,3 есе – 4 670-тен 10 674-ке дейін өскен. Электромобильдердің ең көп саны Алматы қаласында – 6275, Астанада – 1351 және Алматы облысында – 522.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама