Олардың қанша жәрдемақы алғаны белгілі болды
2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар 313 млрд теңгеден астам мемлекеттік жәрдемақы алды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен орта есеппен 582,7 мың отбасы жалпы сомасы 313,7 млрд теңге мөлшерінде қамтылды. Оның ішінде тамызда 577,9 мың отбасыға 38,8 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады, – деп қосты ведомство.
Төлем бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы 7%-ға артты. Биыл көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеуге 474 млрд теңге қарастырылған.