Halyq Uni логотип
×

Елімізде 600 мыңға жуық көпбалалы отбасы тұрады

Олардың қанша жәрдемақы алғаны белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 17.09.2024 | 10:55
Елімізде 600 мыңға жуық көпбалалы отбасы тұрады
фото: Halyq Uni

2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар 313 млрд теңгеден астам мемлекеттік жәрдемақы алды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен орта есеппен 582,7 мың отбасы жалпы сомасы 313,7 млрд теңге мөлшерінде қамтылды. Оның ішінде тамызда 577,9 мың отбасыға 38,8 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады, – деп қосты ведомство.

Төлем бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге төленеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы 7%-ға артты. Биыл көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеуге 474 млрд теңге қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама