Halyq Uni логотип
×

Шығыс Қазақстанда 40 млн теңгеге жуық қарызы бар тұрғын ұсталды

Биыл сондай 30 борышкер анықталған

 Қымбат Елтайқызы 11.09.2024 | 18:00
Шығыс Қазақстанда 40 млн теңгеге жуық қарызы бар тұрғын ұсталды
фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 38 млн теңгеден астам қарызы бар азаматты іздеп тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, ер адам бір жылдан астам уақыттан бері қарыз алушы мен сот орындаушыларынан жасырынып жүрген. ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасына жеке сот орындаушысынан 38 миллион теңгеден астам қарызы бар, өткен жылдың наурызынан бері өскемендік тұрғынға қарызын бермей жүрген борышкерді іздеуге беру туралы қаулы түскен. Қызметкерлер бір тәуліктен де аз уақыт ішінде Шемонаиха ауданында жасырынып жүрген борышкерді іздеп тапқан.

Тәртіп сақшылары берешекті өндіріп алу шараларын қолдану үшін уәкілетті органдарға ақпарат берді, – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, жыл басынан бері шығысқазақстандық сақшылар 30-дан астам борышкердің мекенжайын анықтаған. Осы ретте ШҚО полиция департаменті атқарушылық құжатты орындаудан жалтарғаны үшін заңда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама