Үш жылға жуық уақытта мемлекетке 1,5 трлн теңгенің мүлкі қайтарылды
Қазір 30 млрд теңгеге инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр
2022 жылдың басынан бері құны шамамен 1,5 трлн теңге болатын активтер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков айтты.
2022 жылдан бастап еліміздің құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік, уәкілетті мемлекеттік органдары құны шамамен 1,5 трлн теңге болатын активтерді қайтарды. Бұл қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша мемлекет пайдасына өндірілген сомалар мен мүлік, - деді Сүйіндіков.
Жыл басынан бері 15 млрд теңгеден астам сомаға 3 талап сотқа енгізілді. Бас прокуратура Активтерді қайтару жөніндегі комитет төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіковтің айтуынша, активтің пайда болу заңдылығына қисынды күмән келтірілсе, мәжбүрлеу тетіктері қолданылады. Негізгі құрал – пайда болуы түсініксіз актив туралы талап-арыз. Мұндай сот істері бойынша дәлелдеудің негізгі ауыртпалығы жауапкерге жүктеледі.