Halyq Uni логотип
×

Биыл қазақстандық жұмысшылар 3,6 млрд теңге жалақысын ала алмаған

Шамамен 7 мың рет заң бұзылған

 Қымбат Елтайқызы 10.09.2024 | 16:20
Биыл қазақстандық жұмысшылар 3,6 млрд теңге жалақысын ала алмаған
фото: Halyq Uni

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 40,7 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады, деп хабарлайды Halyq Uni.

2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 259 кәсіпорны 16 мың жұмысшыға 3,6 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге, түрлі ұйымда жүргізілген тексерулер барысында 6,9 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталды, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 222 ұйғарым берілді және 34,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 14,7 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 2,8 млрд теңге төленді, – деп қосты ведомство.

Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында тұр.

2024 жылғы 1 қыркүйектегі деректер бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 319 тексеру жүргізді. Оның барысында 6 890 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде: еңбек саласында – 5 095, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 730, халықты жұмыспен қамту бойынша – 65. Жұмыс берушілерге 2 597 ұйғарым беріліп, 330,1 млн теңге сомасына 3 030 әкімшілік айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 26 мың жұмысшының еңбек құқығы қорғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама