×

Астана қалалық мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұлов ұсталды

Оның 3 коммерциялық нысанына, 2 автотұрағына және премиум-класты үйдегі пәтеріне шектеу қойылды

 Халық үні 07.09.2024 | 07:14
фото: kazfootball.kz

Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы бастығы Болат Мажағұлов 2016 жылы «Күн» субұрқағын салу кезінде қаражат жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni Kozachkov offside Telegram арнасына сілтеме жасап.

Нысанның ашылуы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орайластырылған болатын. Алайда 2017 жылдан бастап субұрқақ апатты жағдайда тұр.

Тергеу барысында жобаның салық төлеушілерге 1 миллиард теңгеден аса қаражатқа айналғаны анықталды. Сонымен қатар мәдениет басқармасы субұрқақ құрылысын мемлекеттік сатып алу рәсімінсіз жүргізген. Оның жоба-сметалық құжаттамасы болмаған және мемлекеттік сараптамадан өтпеген.

Кейін белгілі болғандай, нысан сапасыз материалдардан жасалғандықтан, көп ұзамай бұзылып қалған.

Тергеуге жауапты Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметі бойынша, бұл іске сол кездегі Астана қаласының мәдениет басқармасы басшысының тікелей қатысы бар.

Тергеу аясында Болат Мажағұловтың 3 коммерциялық нысанына, 2 автотұрағына және премиум-класты үйдегі пәтеріне шектеу қойылды.

Бұл іс бойынша күдіктілер қатарында субұрқақты салған мердігер компаниялардың өкілдері де бар. Олардың жалпы құны 500 миллион теңгеден асатын мүлкі тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама