Азамат қаражатты тек 18 жасқа толғаннан кейін ғана бағыттай алады
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 18 жасқа толған жастардың жиналған қаржыны қалай алуға болатынын түсіндірді.
Азамат қаражатты тек 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалана алады. Ол 18-ге толғаннан кейін қаражатын пайдалануға дайын болса, алдымен уәкілетті операторға хабарласуы керек. Одан кейін бала өз бетінше өтініш береді. Егер оған мүмкіндігі болмаса, мұны заңды өкілі істей алады.
Айта кетейік, қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін ғана үй сатып алуға немесе білім алуға пайдалана алады.
Қаражатты тұрғын үй немесе білім алуға пайдалану үшін «Отбасы банк» АҚ-ға жүгінуі керек. Білім алуға ғана пайдалану үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен байланысқа шығады.
Ал баланың «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасына қатысатынын тексеріп, оның ішінде жинақталған соманы www.kids.enpf.kz сайтынан көруге болады.